jasqazaq.kz

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында Алматы облысының Мәдениет күндері басталды

12 шiлде 2017, 10:14

Бүгін Астана қаласында ЭКСПО Халықаралық көрмесінің аясында Алматы облысының мәдениет күндері басталды. Мәдениет күндері «Қазақстан» орталық концерт залында Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жəне «Алатау əуендері» өнер ұжымының «Жетісу – жұмақ мекенім» атты концертімен салтанатты түрде ашылды, — деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Шараға Алматы облысының əкімі Амандық Баталов, Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев, Мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы қатысып, ең алдымен зал фойесіндегі облыс суретшілері мен қолөнершілерінің көрмесімен танысты.

Концертте М.Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халықтық би ансамблі, «Сазген», «Адырна», «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері, «Талдықорған əуендері» ансамблі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртістері Қанат пен Айтгүл Құдайбергеновтар, Ұлжан Айнақұлова жəне басқа да əншілер өнер көрсетті. Мазмұнды шарада Жетісудың бай өнері мен мəдениеті, көпэтносты халқының бірлігі паш етіліп, «Экспо» көрмесіне арнайы жазылған «EXPO мереке» əні мен «EXPO» биі де көрермендер назарына ұсынылды.

Жалпы Алматы облысының Астанадағы Мәдениет күндеріне Жетісу өңірінен 400-ге жуық әртістер, суретшілер, спортшылар, қолөнер шеберлері және басқа да өнер иелері келген.

Мәдениет күндері 11-15 шілде аралығында өтеді. Жетісу аймағы астаналықтарды түрлі театрлық қойылымдарымен, концерттерімен, қолөнер және суретшілер көрмелерімен, спорттық жарыстарымен қуантатын болады.

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі