jasqazaq.kz

Астана дүкендеріндегі тұшпара мен шұжықтан доңыз ДНҚ-сы табылды

03 тамыз 2018, 12:41

Астана қаласының қоғамдық денсаулықты қорғау департменті шілде айында азық-түлік қауіпсіздігіне жасаған мониторингтің қорытындысын шығарды.

Санитарлық-эпидемиологиялық сарапатаманы жасау үшін 15 сауда нысанынан 421 өнімнің белгісі алынды, оның 285-і тағам өнімі. Алынған өнімнің 40 белгісі немесе 9,5% Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сай болмай шықты. 32 өнімде тауардың маркасы (дайындалған/шығарылған күні, жарамдылық мерзімі, тиісті бағалаудан өткенін растайтын ЕЭО белгісі мен мемлекеттік тілдегі ақпарат) көрсетілмеген. Ал микробиологиялық көрсеткіштер бойынша, 7,5% немесе 3 өнім тексерілді. «Лидер 2010» ЖШС-нің (Қостанай облысы, Рудный қаласы) сүт өнімінде ішек таяқшасы, мезофильді аэробтық микроорганизмдер табылды. «5 өнімді тескеру кезінде өндірушілер тұтынушыларды алдағаны белгілі болды. Атап айтқанда, «Бұқтырылған сиыр еті» («МПК Пашский» және «АгроТорг Троицк» ААҚ – РФ), «Сиыр етінен жасалған тұшпара» жартылай фабрикаты («Калинин М.С. – Петропавл), «Сосиски «Молодежные» («Александр и С», Астана қаласы) және «Сардельки говяжьи» («Жайык Агро LTD» ЖШС, Орал қаласы) өнімдерінен доңыз ДНҚ-сы табылды. Өндіруші өнімнің құрамында доңыз еті мен сояның барын көрсетпеген», — делінген хабарламада. Мониторинг кезінде «Дося», «Жансая» және «Айзере» дүкендерінде мерзімі өтіп кеткен өнімдердің сатылғаны бар. Бұл дүкендер жарамдылық мерзімі өткеніне қарамастан балалар тағамдарын, шырындар мен диеталық тағамдарды сатып келген. Осыған орай департамент тұтынушыларға азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде тауардың дайындалған күні мен құрамы туралы ақпаратты мұқият тексеру керектігін ескертеді.

24.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді