jasqazaq.kz

«Астана» Чемпиондар лигасымен қош айтысты

18 шiлде 2019, 10:25

«Астана» футболшылары Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде румыниялық «ЧФР Клужбен» қарымта матч өткізді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу румыниялық Клуж-Напока қаласында болған. Алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан чемпионы матчтың 4-минутында алға шыққан. Роман Мұртазаев допты алаң ортасында қабылдап алып, алыстан соққы жасады — гол. Алайда бірнеше минуттан соң ЧФР таразы басын теңестіріп тастады. Гол соққан — Билель Омрани. Ал бірінші таймның ортасында Омрани тағы бір гол соғып, өз командасын алға шығарды. 73-минутта Абзал Бейсебековтің аяғына тиген доп қараусыз қалған Омраниге жеткен — футболшы тағы мүлт кетпеді. Осылайша, «ЧФР Клуж» екі матчтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды. Ал «Астана» енді Еуропа лигасында бақ сынайды. Команда екінші іріктеу кезеңінде андорралық «Санта-Колома» командасымен кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде Андоррада, қарымта ойын 1 тамызда елордада өтеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық