jasqazaq.kz

«Астана» бапкері коронавирус жұқтырған футболшылар туралы айтты

18 шiлде 2020, 17:13

«Астана» футбол командасы коронавирус жұқтырған ойыншыларға байланысты премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында бас бапкер Михаил Билек мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Чехиялық маманның айтуынша, «Астана-Аренаны» қайта қалпына келтіруге жауапты адамдар ауырып жатыр, салдарынан жұмыстар кейінге ұзартылған.

«Қазір қиын жағдайдамыз. Соңғы кезде толық құрамда бір жаттығу да өткізбедік. Төрт адам пневмониямен жатып қалды, әрине, олар жаттыға алмайды, қайта қосылғандарын күтеміз. Әлі стадион дайын емес, сондықтан әр жаттығу кестесін өзгертіп отырамыз. Мұның бәрі ауыр…

Оның үстіне кеше негізгі құрамдағы төрт ойыншының COVID-19 анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бәрінен бұрын симптомсыз тасымалдаушылар осы уақытқа дейін командамен бірге жаттыққаны қорқытады. Яғни, ауру басқа ойыншылар мен клуб әкімшілігінің арасында таралуы әбден мүмкін», — деді Билек.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия