jasqazaq.kz

«Астана банкіне» қатысты тағы шу шықты

25 қазан 2018, 11:12

Бұл жолы ипотекалық несие алған бір топ борышкер Ұлттық банктен қарызын доллардың бұрынғы бағамымен қайта есептеуді талап етті. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Астаналық Анна Еланская 2015 жылы «Астана» банкінен доллармен жалпы көлемі 4 миллион теңге болатын ипотекалық несие алған. Бірақ девальвациядан кейін оның берешегі 12 миллионға дейін өсіп кетіпті. Яғни ай сайынғы төлейтін несие көлемі де біраз көбейген. Анна сияқты жүз адам осындай күйге түсіп отыр. Соның кесірінен олар қарыздарын уақытылы төлей алмайды. Ал «Астана» банкі әй-шайға қарамастан олардың кепілдікке қойған пәтерлерін сот арқылы тартып алып жатыр екен. Енді жабылған қаржы ұйымын басқаруды қолына алған Ұлттық банк көмекке келмесе, жүзге тарта отбасы далада қалғалы тұр.

Анна Еланская, борышкер:

-Менің талабым, несиемді қайтадан 188 теңгемен есептеп берсін. Қарызымды төлеуден бас тартпаймын. Бірақ қазіргі ай сайын төлейтін ақшам табысымнан асып түседі. Қайта қаржыландырудың өзі желтоқсанның 15-іне дейін ғана жүреді. Ұлттық банк жылдамдатпаса, оған іліге алмай қалайын деп тұрмыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде