
Астана атауы референдумсыз өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес үкімет Республика Президентіне Астана атауын өзгерту туралы Конституцияға түзетулер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Конституциялық кеңес бұл мәселе бойынша оң қорытынды жасады», — деп мәлімдеді Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Нұрлан Нығматулин.