jasqazaq.kz

«Astana Arlans» командасы «Айдаһарларды» ойсырата жеңді

14 сәуiр 2018, 20:11

Қазақстанның «Astana Arlans» командасы мен қытайдың «China Dragons» арасындағы соңғы кездесу 91 келіден жоғары салмақ санатында өтті.

Соңғы кездесу Нұрсұлтан Аманжолов пен латвиялық Эвандер Сервут арасында болды. Тартысты өткен 5 раунд барысында Нұрсұлтан қарсыласының жеңіске жетуіне еш мүмкіндік берген жоқ. Осылайша Астана арландары «Қытай айдаһарларын» 5-0 есебімен тізе бүктірді. Айта кетейік, алғашқы кездесуде 52 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Сәкен Бибосынов Гуо Чжаннан басым түсіп, арландықтарды алға шығарған болатын. Екінші кездесуде Әлімжан Бескемпір (60 келі) Ву Юфэннен басым түсті. Мұнан кейін 69 келіде шаршы алаңға көтерілген Асланбек Шымбергенов нағыз бабында екенін көрсетті. Ал 81 келіде Бек Нұрмағамбет қытайлық Гегарибу Цзэнді 2 раундта нокаутқа жіберді. Таразда өткен Бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясындағы Astana Arlans пен қытайлық China Dragons командасы арасындағы бұл кездесу «Хабар» телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде