jasqazaq.kz

«Astana Arlans» бокс клубы таратылады

04 желтоқсан 2018, 16:39

Қазақстан Бүкіләлемдік WSB бокс сериясынан шығып, «Астана Арланс» бокс клубын таратады

Мұндай шешімді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин бүгін федерация жұмысының жылдық қорытындысына байланысты Астанада өткен жиында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ««Астана Арланс» бойынша біздің президент бұл жобадан шығу туралы шешім қабылдады. Келесі маусымда біз қатыспаймыз. Яғни, бұл команданы таратамыз. Бұл талқыланбайды. Команда Бүкіәлемдік WSB бокс сериясында ең көп жүлдеге ие болды. Оның құрамында қазақстандық Олимпиада чемпиондары өнер көрсетті. Біздің команда — WSB-де үш рет чемпион болған бірден-бір команда», — деді Данияр Әбілғазин. Еске сала кетсек, бүгінгі жиында белгілі бизнесмен Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар бойынша вице-президенті болып сайланған болатын. Бүгін федерация жұмысының жылдық қорытындысына байланысты Астанада өткен жиында Бокс федерациясының жаңа вице-президенті таныстырылды. Ал оған дейін аталмыш қызметті Алмасадам Сатқалиев атқарған еді.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді