jasqazaq.kz

Астана әкімі қызметтік көліктерді кімге бергенін айтты

09 қантар 2019, 12:29

«Мен осы қызметке келген бойда таксиге отырдым. Skoda көлігімен жүремін. Ал шамамен 60 қызметтік көлікті біз ішкі істер департаментіне бердік. Қазір оның бәрін құқық қорғаушылар пайдаланып жүр. Соның арқасында біраз қаражат үнемделіп отыр», — деді қала әкімі Астана қаласы активінің отырысынан соң журналистерге.

Сұлтановтың пікірінше, қызметтік көліктерді таксимен алмастырған тиімді. Бұл туралы baq.kz хабарлады.

«Себебі мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытының біраз бөлігін кабинетте өткізеді. Сондықтан қызметтік көліктің күні бойы далада тұрғаны тиімсіз. Ашығын айтайық, біз қызметтік көлікті күні бойы пайдаланбаймыз. Біз, көбінесе, кабинетте жұмыс істейміз ғой. Ал бір жаққа барсақ, таксидің қызметі де жеткілікті. Бүгінде әкімдікке қарасты қызметтердің бәрі таксимен жүреді», — деп түйіндеді сөзін Сұлтанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде