jasqazaq.kz

«Астана» 800 мың еуроға алған легионер келісімшартты үзді

10 қантар 2019, 16:57

«Астана» футбол клубының босниялық жартылай қорғаушысы Срджан Граховац командадан кетіп, аустриялық «Рапидке» оралды, — деп хабарлайды Vesti.kz порталы krone.at басылымына сілтеме жасап.

«Рапидтің» спорт директоры Фреди Бикель жартылай қорғаушы Граховацтің оралатынын мәлімдеді. Дүйсенбі, 7 қаңтарда футболшы Венада дәрігерлер тексерісінен сәтті өтіп, кеше «Астанамен» келісімшартын үзгенін хабарлады. Екі жыл бұрын астаналық клуб босниялық ойыншы үшін 800 мың еуро беріп, онымен бірге чемпион болды. Алайда маусым соңында хорватиялық «Риекаға» жалға берілді. Қазір футболшы аустриялық клубқа тегін өтті. «Астана» сапында Срджан Граховац 36 матч өткізіп, сегіз гол салды және үш нәтижелі пас берді. Соныме бірге, Қазақстан Суперкубогын ұтып, астаналықтарға Еуропа лигасының топтық кезеңіне және 1/16 финалға өтуге көмектесті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде