jasqazaq.kz

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шымкентке келді

23 қыркүйек 2022, 10:23

«Достық үйі» ғимаратында «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев Шымкент қаласына келіп, ұйымның Шымкент қалалық өкілдігінің мүшелерімен кездесіп, еркін форматта сұхбат құрды.

Шара барысында Тимур Ғабдолұлы «Ассамблея жастары» ұйымы мүшелерінің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік желілердегі контентін ұлғайту жөніндегі ойларын ортаға салды. Ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісіп, жастарды белсене жұмыс істеуге шақырды.

Сондай-ақ, шарада «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің төрағасы Н.Мейірбеков ұйымның жыл басынан бері атқарған жұмыстары жөнінде баяндап, өз ұсыныстарын жеткізді.

Бүгінде жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жатады. Олар елдің тыныс-тіршілігіне де белсене араласып, оның алға қарай даму жолында бірлесе жұмыс атқаруға алдарына міндет қойған.
Ең басты бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру болып отыр. Осы бағытта жұмыс істеп жүрген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмысы да жандана түскен.

Жалпы ұйымның мақсаты – жастарды қоғамдық келісім негізінде топтастыру, жастардың бастамаларын дамыту және әлеуметтік тұрғыда қолдау.

Басқосуда ұйым мүшелері бірлестіктің қызметі мен ары қарайғы даму мәселелері бойынша өз пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, «Ассамблея жастары» ҚБ референдумды қолдау республикалық штабының құрамына енді. Оның жұмысы аясында өңірлерде жастармен кездесулер өткізу жоспарлануда. Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалды рөлін күшейту мақсатында қалалық және аудандық деңгейлерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ, медиация кеңесі, журналистер мен блогерлер клубы сынды қоғамдық құрылымдар қызмет атқарады.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр