jasqazaq.kz

Аслан Мусин: Асылбектің бастаған ісін аяқсыз қалдырмаймыз

04 ақпан 2018, 14:36

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусин қаза болған ұлы Асылбектің қырқы өткеннен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мусин өзінің видео үндеуінде қиын сәтте отбасына қолдау білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді.

Мусин үлкен ұлының ғылыми мұрасын мақтан тұтатынын мәлімдеді.

«Асылбектің жетекшілігімен Голландияда адам қызметінің барлық философиялық, гуманитарлық саласын жүйелендірумен, зерттеумен айналысатын монотеизм институты құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол Израиль, Ресей, Қытай, Жапония, Еуроодақ елдеріндегі ниеттестерімен бірге адамның бүгінгі күнге дейінгі барлық ой-пікірін жинақтайтын 114 том шығарды», — деді Мусин өз үндеуінде.

Аслан Мусин қазір Құран, Тора, Библия және өзге де қасиетті кітаптарды зерттеу бойынша әмбебап сөздік жасау жұмысы басталғанын, сондай-ақ әлемдегі қасиетті жерлерді аралауға қатысты жүздеген сағат аудио-видеоматериал түсірілгенін атап өтті.

Аслан Мусин Асылбекті еске алу мақсатында оның ниеттестерімен бірге «Несущий свет» деп аталатын фильм түсірген, ол үндеуден кейін бірден көрсетілді.

Қазақстан президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы өткен жылдың желтоқсанында Ригада 15-қабаттан құлап, қаза болған еді. Полицияның мәліметінше, Асылбек Мусин суицид жасаған болуы мүмкін.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды