jasqazaq.kz

Асқар Мамин Қостанайда трактор зауытының ашылуына қатысты

23 қазан 2019, 16:55

Үкімет басшысы Асқар Мамин Қостанай облысына жұмыс сапары барысында трактор зауытының ашылуына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Айта кетсек, биылғы сәуір айында Асқар Мамин елордада «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді. Оның барысында ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды. Бүгін Қостанайда ашылып отырған кәсіпорынның салтанатты іске қосылуына Үкімет басшысы арнайы қатысты.

«Жаңа зауыт жылына 500-ден 700-ге дейін алып тракторларды құрастыруға қауқарлы. Нәтижесінде елдегі ауыл шаруашылығы техникаларының өндірісі жаңа қарқын алады. Сонымен қатар облыста 500 тұрақты жұмыс орны ашылады. Екі ел арасындағы бірлескен жобалар жалғаса береді»,- деді А. Мамин.

Қостанай трактор зауыты Индустриялық аймақта орналасқан. «Кировец» тракторларының құны 45 млн теңгеден басталады. Қазірдің өзінде алты алып техника сатылымға шықты. Үкімет делегациясының сапары Қостанай үй құрылысы комбинатында жалғасады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде