jasqazaq.kz

Асқар Мамин 5G енгізу мәселелері жөнінде кеңес өткізді

21 мамыр 2019, 16:21

Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда «бесінші буын» байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды (IoT). ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады. ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді. Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде. Талқылау қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша Шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Кеңеске ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев және т.б. қатысты.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда