jasqazaq.kz

Асқар Ақаевтың ұлы қайтыс болды

06 ақпан 2020, 10:34

5 ақпанда Мәскеуде Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасап tengrinews.kz хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, 44 жастағы Айдар Ақаевтың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оны құтқарып қала алмаған.

Еске салайық, Қырғызстанның бұрынғы президентінің төрт баласы бар — Бермет, Айдар, Саадат және Илим. Бермет пен Айдар Ақаева Жогарку Кенеште дауысқа түсіп, «Алға Қырғызстан» билік партиясынан депутаттық мандаттарды алды. Осы жағдайдан кейін елде наразылық шаралары күшейе бастаған. 2005 жылы 24 наурызда «Ақ үйді» басып алу арқылы аяқталған митингілер нәтижесінде Асқар Ақаевты тақтан тайдырды. Ол Қырғызстаннан отбасымен қашып кетті.

Айдар Ақаев үйленген. Үш баласы бар. Ақаевтар отбасы Мәскеуге көшіп келгеннен кейін Айдар кәсіппен айналысты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия