jasqazaq.kz

Әскери журналист — “Алаш” сыйлығының иегері

20 сәуiр 2024, 13:50

Біздің Астана қаласындағы меншікті тілшіміз — әскери журналист, ақын Әбубәкір Смайылов Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығының лауреаты атанды. Марапат Қазақстан Жазушылар Одағының 2023 жылдың әдеби қорытындысына арналған жиында табыс етілді.

Сыйлық ақынның “Әдебиетті насихаттаудағы еңбегі үшін” берілген екен. Бұл жерде әңгіме әлем әдебиеті туралы болып отыр. Ол соңғы жылдары Э. Ремарк, Дж.Остин сияқты әлем классиктерінің “Салтанат қақпасы”, “Асқақтық пен адасу” сияқты әйгілі романдарын қазақша сөйлетті. Жазушылар Одағында жасалған баяндамада сол аудармаларға жоғары баға берілді.
Бұған дейін Ә.Смайыловтың поэзиясы саласындағы еңбегі үшін “Дарын” Мемлекеттік жастар сыйлығын алғанын айта кету керек.

Қаламы жүйрік әріптесімізді мәртебелі марапатымен құттықтаймыз! Жазар көбейсін!

JAS QAZAQ газеті

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы