
Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысында құлады.
«Ұшақ апатының болғанын растаймыз және толыққанды ақпараттар жинақталып жатыр. СУ-30 ұшағы құлағаны белгілі. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Sputnik Қазақстанға қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.
Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.