jasqazaq.kz

Әскери командир алаяқтықпен ұсталды

18 сәуiр 2019, 16:20

Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында ведомствоның Қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

Айтуынша, Жамбыл облысының әскери бөлімінің екінші дивизионы командирі және екі азаматтың алаяқтық фактісі анықталды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау басқармасының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен бірлесіп облыстың әскери бөлімнің екінші дивизионы командирі (майор) және екі азаматтың (бірі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкері болып табылатын) алаяқтық фактісін анықтады. Күдіктілер ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс бойынша оң шешімге жәрдемдесу үшін осы әскери бөлімнің батальон командирін алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен 1,7 млн теңге сомасындағы (алдын ала айтылған 5 млн теңгенің) ақша қаражатын иемденген», — деді Бердалин.

Кінәсін толық мойындауына байланысты командирге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ. Күдікті екі тұлғаға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды.

Сонымен қатар, департамент директоры Түркістан облысы «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының парақорлық фактісінің жолы кесілгенін хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментімен «Созақ аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жайылымға жер учаскесін ұсыну бойынша мәселенің оң шешімі үшін шаруа қожалығы төрағасынан 100 мың сомасындағы пара алуда күдікті деп танылуда. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдіктіге қатысты процестік ұстау қолданылған жоқ», — деді спикер.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда