
Ақтаудағы жедел қызмет әскері басынан жарақат алды. Бұл туралы ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«3502 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы жауынгер А.Каримов басынан оқ жарақатын алды. Қазіргі уақытта сарбаз ауруханада жатыр. Оның денсаулығы үшін ешқандай қауіп жоқ, жағдайы тұрақты», — деп түсіндірді Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Қылмыстық қудалау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.