jasqazaq.kz

Әскери қызметкер әкем қайтыс болды деп демалыс алған

25 маусым 2018, 14:44

Талдықорғанда әкем қайтыс болды деп жалған жолмен заңсыз демалыс алған әскери қызметшіге сот үкімі шықты. Үкімге сәйкес, сержант «А» ҚР ҚК-нің 443-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 50 айлық есептік көрсеткіш, яғни 120 250 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. тыс
ҚазАқпарат хабарлағандай, іс материалына сәйкес, 2018 жылғы 2 мамырда уақытша әскери қызмет міндеттерін уақытша атқарудан босатылу мақсатында, сержант «А» қасақана алдау арқылы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер берген. Яғни, өзінің әкесі қайтыс болды деп баяхат жасаған. Оның негізінде, оған 10 тәулікке отбасы жағдайына байланысты заңсыз демалыс берілген. Алайда, тексеру барысында анықталғаны сержант «А»-ның әкесі тірі және дені сау екені анықталды. Осылайша сержант әскери қызмет міндеттерін атқарудан жалтарып, қылмыстық теріс қылық жасаған. Осыған байланысты Талдықорған гарнизонының әскери сотында ҚР ҚҚ-нін 443-бабының 1-бөлігімен (Әскери қызметшiнiң жалған құжат жасау немесе өзгеше алдау жолымен әскери қызмет мiндеттерiн орындаудан жалтаруы, сол сияқты әскери қызметті атқарудан бас тартуы) айыпталған әскери қызметші «А»-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, ол кінәлі деп танылып, әскери қызметшіге 50 АЕК айыппұл салынды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді