jasqazaq.kz

Әскерге шақырылғандар 14 күн карантинде болады

28 мамыр 2020, 14:50

Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Амантай Өсербаев әскер қатарына қабылданғандар 14 күн карантинде болып, ПТР тест тапсыратынын мәлім етті.

Айтуынша, биыл ант қабылдау рәсіміне ата-аналары мен туыстары шақырылмайды. Дегенмен, санитарлық нормаларды сақтай отырып ант қабылдау рәсімі өткізіледі.

«Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен қауіп әлі бар. Сондықтан әскерге шақырушылардың ата-аналары, туған –туыстары мен достары ант қабылдау рәсміне қатыспайды.Пандемия кезінде бұл мүмкін емес. Балаларыңыз салтанатты жиынды видеоға түсіріп сіздерге жібере алады»,–деді Амантай Өсербаев брифинг барысында.

Сонымен қатар ол әскер қатарына шақырылып жатқандар 14 күн карантинде болып, ПТР тест тапсыратынын айтты.

«Қазір коронавиурс жұқтырғандарды жібермеу маңызды болып отыр. Сондықтан, әскерге шақырылғандар арасында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біріншіден, әкімнің шешіміне байланысты медициналық комиссияның құрамына жұқпалы аурулар маманы қосылды және барлық шақыру орындарында медициналық пост қойылды. Яғни әрбір шақырылған азаматтың дене қызуы тексеріліп, бірден жұқпалы аурулар дәрігеріне барады»,-деді Амантай Өсербаев.

ҚазАқпарат

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі