jasqazaq.kz

Әскерге сау барып, жарымжан болып оралды

30 мамыр 2019, 23:14

Қарағандыдағы бөлімде болған атыстан Амандық Қалиевтың аяғы семіп қалған. Оқ тиген еті мен тамырларын дәрігерлер сылып алыпты. Енді мүгедектік алуға құжаттың түпнұсқасының болмауы қолбайлау. Себебі әскери бөлімдегілер комиссияға керек деректерді бермек түгілі, қарулы шабуыл жайында айтуға тыйым салды дейді Амандықтың анасы. Ал офицерлер атысқа қатысты үкімнің әлі күшіне енбегенін алға тартты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

21 жастағы Амандық Қалиевтың оң аяғының дымы қалмаған. Оқ тиген етін сылып алып, қу сүйегі тұр. Сегіз ай бұрын әскери бөлімде болған атыстан өзі қатты шошынған. Күйзелістен әрең шығып, көпшілікпен сөйлесуге де құлқы жоқ. Сау баласының әскерден жарымжан болып оралғанына анасы күйінеді.

Күлән Қалиева, А. Қалиевтың анасы:

— Бір жылға жібергенімде міне, баламды мүгедек қылып алып келді. Енді қайда жұмыс істейді? Бүкіл өмірі ойран болды.

Былтыр қыркүйек айында Қарағандыдағы әскери бөлімде сарбаздардың бірі қолына автомат алып, түн жарымында өз қатарластарына оқ жаудырмақ болады. Офицерлерін қуалап жүріп, өлтіруді көздейді. Бірақ жауынгер Амандық Қалиев оның қолына жабысып, сарбаздан қаруын тартып алмақ болған. Сол кезде өзінің аяғына оқ тиіп, қолы күйген. Ал қалған әскерилер оқтан аман қалады. Бірақ бөлім басшылары Амандық абайсызда аяғын атып алды деп хабар таратып, оқиғаны жасырмақ болған дейді сарбаздың анасы.

Күлән Қалиева, А.Қалиевтың анасы:

— Талабым баламның шындығын елге айтсын, қалай болғанын. Офицерлерінің бүкіл взводтың жанын қорғап қалғанын айтсын. Иә, рақметін де айтқан жоқ. Иә, кешірім де сұраған жоқ.

Былтыр қатарластарына қару ала жүгірген сарбаз сегіз жылға сотталды. Ал әскери бөлім басшылары сол оқиғаға қатысты әлі күнге тіс жарғысы жоқ.

Талғат Әбдіров, №52859 әскери бөлім командирі:

— Қалиев біздің әскери бөлімде борышын өтеді. Былтырғы оқиғаға қатысты соттың үкімі шыққанымен, ол күшіне енген жоқ. Одан бөлек екінші сатыда іс қаралатын болады. Сондықтан біз ештеңе айта алмаймыз.

Қазір Амандық Қалиев мүгедектікке құжат дайындап жүр. Бірақ комиссия оны қабылдар емес. Себебі Қарағандыдағы әскери бөлім оның қайда ем алып, ауруханадан қашан шыққаны, жарақатына қатысты өзге де құжаттардың түпнұсқасын бермей қойыпты. Әскерилердің мұндай қылығына сарбаздың туыстары ашынып отыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда