jasqazaq.kz

Әскерге барудан онлайн арқылы босатылуға болады

10 желтоқсан 2020, 15:38

Еlicense.kz электрондық лицензиялау порталында әскери қызметтен босату және әскерге шақыруды кейінге қалдыру қызметтері қолжетімді болды. Енді әскерге шақырылушыларға әскери комиссариатқа барудың қажеті жоқ, оларда бұл қызметтерді онлайн режимінде алуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды zakon.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бұрын осы қызметтерді алу үшін әскери комиссариатқа бару керек еді. Әскерге шақырылушылар үйден шықпай-ақ, онлайн режимінде әскерден босатуды немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды алуы үшін біз ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы процесті оңтайландырдық. Қызметті 5 жұмыс күні ішінде тегін алуға болады.», — деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтерді алу үшін elicense.kz порталында авторизациядан өту қажет, кейін «Қауіпсіздік» қосымша бетінде тізімнен қажетті қызметті және мемлекеттік органды таңдау қажет. Әрі қарай, ұсынылған және қосымша өрістерді толтырып, кейінге қалдыру немесе босату себебін, сондай-ақ әскери есепте тұрған орнын көрсетіп, құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеп, ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қою қажет. Шақыру комиссиясы өтінішті қоса берілген файлдармен қарайды және әскери қызметке шақырудан босату немесе әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну туралы қорытынды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту шығарады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде