jasqazaq.kz

Әскерден қашқан сарбаз: Ата-анамды қатты сағындым

31 наурыз 2021, 11:22

Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан. 19 жастағы жігіт бес күн бойы мал бағып, төрт түліктің қасында түнепті. Ал әскерден қашуын «ата-анамды қатты сағындым» деп түсіндірді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нұрасыл Арысбаев, №8595 әскери бөлімінің сарбазы:

— Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үй – бәрі тегін. Сосын күнде-күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым.

Нұрасыл Арысбаев осыдан бес күн бұрын әскери бөлімнен қашып кеткен. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда түнделетіп бой тасалапты. Алғашында Алматыға қарай бет алған екен. Алайда кейін туған жері Шымкентке баруды жоспарлаған. Нұрасылдың қашу себебін полиция департаменті егжей-тегжей тексеріп жатыр. Әскери бөлімнің өкілдері бес күн бойы іздеуде болған сарбазға қатаң жаза қолданылмайды деп сендірді.

Бауыржан Дүйсенбаев, №85395 әскери бөлім командирінің орынбасары:

— Әскери бөлімді не себепті өз еркімен тастап кеткені жөнінде және оған қатысты процессуалдық іс-шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органға тапсырылды. Оған әкімшілік жаза қолдануы мүмкін.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия