jasqazaq.kz

Әскерден есін жоғалтып оралған қызылордалық сарбаз оңала бастады

03 ақпан 2022, 12:15

Әскерден оралғаннан кейін жақындарын танымай қалған қызылордалық Ренат Жеткергенов есін жинады. 19 жастағы Арал тұрғыны Қызылорда психиалық-денсаулық орталығынан емделіп шыққан. Ренат ата-анасын алғаш рет таныды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz.

Анасы Айғаным Ізбасарованың сөзінше, ауру қайта мазалай ма деп Ренаттан ештеңе сұрамайды екен.

«Ауруханадан шыққанына 5 күн болды. Ауру күшейіп кете ме деп одан ештеңе сұрамаймыз, мазалаудан қорқамыз. Дәрі-дәрмегін береміз. Басынан өткен сұмдықты еске түсірмеуге тырысамыз», — дейді Айғаным Ізбасарова.

Жақында Ренаттың туыстары қылмыстық істі тергеу мақсатында сараптама тағайындалғанын білгенін айтады.

«Ренатқа сот тергеуі аясында бірқатар сараптама тағайындалды, бірі Алматыда өтеді. Ол үшін Ренат Жеткергеновті Қызылордадан Алматыға алып бару қажет. Бірақ оған 500 мың теңге керек. Бұған жол жүру, Алматыда тұру, тамақ кіреді. Ата-анасында мұндай ақша жоқ», — дейді Жеткергеновтар отбасының адвокаты Нұржамал Баянова.

Ренаттың ата-анасы барлық шығынды кінәлі тарап төлеп берсе дейді.

«Отбасымызда не болғанын, қандай қиын жағдайда тап болғанымызды бәрі біледі. 3-4 ай бойы ақысыз демалыстамын, мектепте мұғалім болып жұмыс істеймін. Күйеуім жұмыссыз. Шынымды айтсам, Аралдан Қызылордаға бару үшін көп қаражат кетті. Ренат ауруханада жатқан облыс орталығында тұру да қымбат болды. Сондықтан сараптамаға бару үшін ұлым борышын өтеген 25744 әскери бөлімі шығынды өтеуі керек. Сол жерде ол осы жарақаттарды алды», — деп мәлімдеді Айғаным Ізбасарова.

Осы іс аясында адвокат Баянова ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Марат Құсайыновтың қабылдауына жазылған. Ата-анасы іс қозғалып, кінәлілер тиісті жазасын алса деп үміттенеді.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді