jasqazaq.kz

Әскерде жүргеніне бір жыл толған сарбаздар әзірге үйіне қайтпайды

04 мамыр 2020, 10:28

Әскерде жүргеніне бір жыл болып қойған мерзімді әскери қызметшілер Төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін ғана запасқа шығарылады. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Бас штабының ұйымдастыру, жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастысы Сәкен Жүсіпов мәлім етті.

«Азаматтарды әскерге шақыру төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін қайта жүргізіледі. 31 тамызға дейін ұзартылады. 2019 жылы көктемде әскерге шақырылған әскери қызметшілер запасқа шығару – төтенше жағдай режимі алынған жағдайға, осы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілетін болады. Бұл ретте әскери шақыру мен запасқа шығару қолданыстағы заңнамаға сәйкес іске асырылады. Елеулі өзгеріс болмайды», — деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-да онлайн-режимде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек бұған дейін Сәкен Жүсіпов ТЖ кезінде 2019 жылдың көктемінде әскерге шақырылған мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару уақытша тоқтатылғанын мәлім еткен еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімі 2020 жылдың маусымынан тамызына ауыстырылып отыр.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия