jasqazaq.kz

Ашыққан киіктер ауылға кіре бастады (видео)

25 наурыз 2021, 17:55

Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Бейнежазбадағы куәгерлердің айтуынша, оқиға жақында Қорғалжын ауылында болған. Жазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады. Ол тіпті, адамдар мен көліктен де қорықпайды. Тұрғындар ауыл ішінде «күтпеген қонақты» видеоға түсіріп, таратып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген. Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде. Еске сала кетейік, Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төнген болатын. Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды. Қыс айларында ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндірген болатын.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия