jasqazaq.kz

Ғашығының үш жасар баласын 18 рет пышақтаған

06 қыркүйек 2017, 18:16

Оралда 24 жастағы ер адам қызғаныштан балалы әйел мен оның құрбысын өлтірген. Қайғылы оқиға сейсенбі 5 қыркүйекте болды.

Қала сыртындағы жеке үйдегі өртті сөндіруге келген өрт сөндірушілер үш адамның денесін тапқан болатын. Кейінірек анықталғандай, екі жас әйел – үй иесі мен оның құрбысы екен, ал үшіншісі — үй иесінің үш жасар ұлы. Олар көптеген пышақ жарақатынан қаза тапқан.

Медициналық сарапшылар баланың денесіне он сегіз рет пышақ салынғанын айтты.

Күдікті кешке қарай ұсталды. Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының жиырма төрт жастағы жұмыссыз тұрғыны бұрын ұрлық үшін сотталған болып шықты. Ол қылмысын бірден мойындады.

«Оның айтуынша, өртенген үйдің иесі жас әйелмен бірге тұрғысы келген, ал ол бас тартыпты. Қылмыс түнгі сағат 2 мен 4 аралығында жасалған. Күдіктінің мойындауынша, әйел адам сыртқа шығып кеткенде, жігіт оған қонаққа келген құрбысын өлтіреді, содан соң үш жасар ұлын пышақтап өлтіреді. Әйелдің қайтып келуін күтіп, келген соң оны да өлтірген. Кейін үйге өрт қойып, кетіп қалады», — деп мәлімет берді Орал ІІБ басшысының орынбасары Нұрлан Бисенов.

Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, ол он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

nur.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде