jasqazaq.kz

Ашуын ұстай алмаған Нурмагомедов чемпиондық белдікті бір тепті (видео)

07 наурыз 2020, 14:18

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «Ти-Мобайл Арена» стадионында 31 жастағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен 36 жастағы Тони Фергюсонның кездесуіне арналған ауқымды баспасөз конференциясы өтті. Алайда көз арбасу сәтіне келген кезде қос спортшы жанжалдасып қалған.Бұл туралы»Чемпионат» сайтына сілтеме жасап NUR.KZ  хабарлайды 

Басылымның мәліметінше, баспасөз конференциясының соңынан кейін әдеттегідей көз түйістіру рәсімі өту керек болған. Алайда Нурмагомедовқа бетпе-бет тұрған Фергюсон ресейлік спортшыны арандатып, оның шамына тие бастаған.

Тіпті, ол 2017 жылы Кевин Лимен болған жекпе-жекте жеңіп алған UFC белдігін жерге қойып, Нурмагомедовқа тағы бір сөздер айта бастаған.

Нәтижесінде Хабиб эмоциясын ұстай алмай аяғының астында жатқан Фергюсонның белдігін бір тебеді.

Осылайша файтерлердің көз арбасу рәсімі өтпей қалған. UFC президенті Дэн Уайт күзетшілерге белгі беріп, олар Фергюсонді тоқтатқан.

Хабиби Нурмагомедов пен Тони Фергюсон арасындағы кездесу 18 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтеді. Бұған дейін спортшылардың жекпе-жегі төрт рет болмай қалған.

https://www.instagram.com/p/B9aX9vCHDim/?utm_source=ig_web_copy_link

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде