jasqazaq.kz

Ашулы жұрт құрылыстың басталуына жол бермеді

11 ақпан 2021, 11:25

Құрылысқа қарсылық. Алматыда тұрғындар құрылыстың басталуына жол бермеді. Ашуға мінген жұрт ауланы қоршауға келген жұмысшыларды айғай-шумен қуып шықты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

— Халықты неге тыңдамайсыздар?!

Тұрғындар ленталарды жыртып, қазылған жерлерді қайта көмді. Халықтан қаймықты ма, әйтеуір құрылысшылар жұмысты тоқтатуға мәжбүр болды. Жұрт пікірін пысқырмайтын компанияны сотқа беруге бекінген. «Себебі іргемізден биік нысан салынса, жүріп-тұруымыз қиындап, тынысымыз тарылады» — дейді бұқара. Бұған дейін бұл үйдің тұрғындары құрылыс компаниясы дауға себеп болған жерге көпқабатты үй тұрғызады деп шағымданған. Сол уақытта компаниядан ешкім жауап бермеген. Бұл жолы көпшіліктің жанайқайын тыңдауға оның заңгері келді. Айтуынша, бұл аумақ жекеменшікке тиесілі. Сондықтан ол қарсы тараппен соттасуға дайын.

Вячеслав Сошков, құрылыс компаниясының заңгері:

— 2019 жылдың мамыр айында компания жерді сатып алды. Сосын карантин басталып, біз жұмысты бастаған жоқпыз. Енді жерімізді қоршауға алып, нақты қандай нысан салынатынын ойластыру керек. Бірақ жұрт оған кедергі келтіріп отыр. Біз барлығын заң аясында шешкіміз келеді. Тұрғындар сотқа берсе, құқығымызды қорғауға дайынбыз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде