jasqazaq.kz

Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті

15 қараша 2019, 12:40

Мәскеуде тай боксынан үш дүркін әлем чемпионы, Армения азаматы Ашот Болянды белгісіз біреу атып кетті.

Қылмыс 13 қараша кешке тұрғын үйдің маңында жасалған. Белгісіз біреу 40 жастағы әлем чемпионына оқ атқан, ауыр жарақаттан спортшы оқиға орнында көз жұмды, деп мәлімдеді РФ тергеу комитеті. РФ қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы (адам өлтіру) және 222-бабы 1-тармағы (Заңсыз қару-жарақ айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Тергеу бірнеше болжамды қарастырып отыр. Соның бірі кәсіпкерлік қызметпен байланысты», — деді басылым. Mash телеграм-каналы Ашот Болянды басынан көздеп атқанын жазды. Киллер спортшыны бірнеше сағат бойы үйінің алдында күткен. Криминалистер чемпионға бірнеше рет оқ тигенін анықтады. Адвокат Карен Нерсисян чемпионның тапсырыспен өлтірілгенін айтып отыр. «Ол өз ортасына сыйлы, спортшы болғанын білемін. Қылмыс әлеміне қатысы жоқ еді. Сол себепті мүлде түсініксіз болып отыр. Мұның тапсырыс екені даусыз», — деді заңгер «Звезда» порталына берген сұқбатында. Нерсисян Болянды «жөні түзу, патриот адам» деп атады. Сондай-ақ, чемпионның кәсіпкерлікпен айналыспағанын мәлімдеді.

КТК

 

 

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда