jasqazaq.kz

Асхат Тарғын: «Кешьюдің бір қызы бұйырмады-ау»

13 ақпан 2019, 11:13

Бұрынғы КешYou солистерінің басынан өткен тағдыр әріптестерінің арасында да әжуаға айналғандай. Күні кеше Айдарқұлов пен Төлепбергеннің отбасын көрген Асхат Тарғын «кезінде маған да КешYou-дің қызы бұйырмады» деп айды аспанға бір-ақ шығарды.

Өнер иесінің қалжың сөзін көпшілік дұрыс түсінбей, желіде қызу талқыға салды.

Ақбота-Нұр жариялаған мына фотоға Асхат Тарғын:

«Дәурен мен Айқын соқты негізі. Біз бойдақ кезде КешYou-дің бір қызы бұйырмады-ау, әзіл», — деп пікір қалдырған.
Мұны көрген желі қолданушылары осыдан 2 жыл бұрын ғана өрімдей жас қызды жар еткен Тарғынды сынға алды.

«Әйеліңіз естімесін», — дейді оқырмандардың бірі.

«Ойнап айтсаңыз да, үлкен басыңызбен бұлай қалжыңдайсыз. Періште қабыл етсе, 99 пәле тілден болды деп қалмаңыз. Тым болмағанда Ақботаның көңіліне қарап аңдап айтсаңыз болар еді. Бұл тағдыр болды, өзіңізге де жас қыз бұйырды, басқасын қайтесіз», — деп жазды тағы бір желі қолданушысы.

Елдің сөзі шамына тисе керек, Ақбота-Нұр біраз уақыттан кейін желідегі барлық пікірлерді өшіріп тастады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда