jasqazaq.kz

Асхат Садырбай Төреғалиге қатысты пікір білдірді

29 желтоқсан 2017, 11:23

Асхат Садырбай Төреғали Төреәліні кешіргенін айтты. Бұл туралы журналист Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

«Екі тарапты да жақтай да, мақтай да алмаймын. Қателессе қателескен шығар, бәріміз пендеміз, қателесеміз. Сол қателікті мойындап, кешірім сұраса, қайталамаса болды бастысы. Мен табалағыш емеспін. «Сізге де дөрекі сөйлеп жазып еді ғой, көрдіңіз бе енді не болды» дегенге де келіспеймін. Қурай сынса да Құдайдың қалауымен. Алла бізге мұқтаж емес. Не қалайды сол болады. Өзімізді ондай әулиеге теңеу дұрыс емес. Иә, менің тарапыма да артық кеткен жерлері болды. Бірақ мен кешіргенмін, тіпті оны телеарнаға да айтқанмын сұxбат беріп. Екінші мәселе, ақпарат порталдарын жаулап кеткен скриншот пен Бибігүл Дәулетбекқызымен болған әңгіме. Мен оны Бибігүлмен әңгімелесіп отырып жазғанмын. Алла куә оны жұртқа жарияласын деген мақсатпен жіберген жоқ едім. Бірақ Бибігүл сәл асығыстық жасап менің рұқсатымсыз салып жіберіпті. Ал, аудиодағы жазба менің дауысым емес, Талғат Жорабаевтың дауысы. Кеше историяға салсам «қорқып жатсыз ба, Талғатты ұстап беріп жатсыз ба?» деген сұрақтар келді. Алдымен, Талғат менің құда балам, досым, бауырым. Мен оны ешқашан сатпаймын. Одан кейін, екеуміз де тек Алладан қорқамыз. Қайталап айтам, жығылғанға жұдырық жасау мақсатым емес еді. Арасына қалай кіріп кеткеніме таңым бар. Мен кешіріп қойғам. Төреғалиға сәттілік тілеймін. Әр қазақ менің жалғызым!» — деді Садырбай.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды