jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов: Үш жылда 42 балалар үйі жабылды

01 маусым 2021, 11:09

Кейінгі 10 жылда елдегі балалар үйінің саны 2 есе, ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осындай статистика келтірді.

«Республикада балалардың құқығын қорғау және олардың дамуына қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі шаралар қабылданған. Осы мәселе бойынша Президент тапсырмаларының шеңберінде жаңа заңнамалық нормалар қарастырылуда. Кейінгі екі жыл ішінде ұлттық заңнамаға 83 жаңа түзету енгізілді. Соның ішінде 2020 жылдың өзінде балалардың құқығын қорғау үшін 22 нормативтік-құқықтық акт қабылданды», — деді министр.

Оның айтуынша, кейінгі 10 жылда балалар үйлерінің саны 210-нан 96-ға дейін немесе 2 есе, ондағы тәрбиеленушілердің саны 3 есе азайған.

«Ал соңғы үш жылды алсақ, 42 балалар үйі жабылып, тәрбиеленушілердің саны 1969-ға азайып отыр. Балалар үйлерінде арнайы қамқоршылық кеңесі құрылды. 18 балалар үйі балаларды қолдау орталықтарына бейімделді. Бала асырап алатын ата-аналарды міндетті түрде даярлықтан өткізу үшін «Бала асырап алшуылар мектебі» институты енгізілді», — деді Білім және ғылым министрі.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия