jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов: ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ

04 сәуiр 2020, 17:26

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу уақыты бұрын бекітілген мерзімде өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Министр әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар арқылы тікелей эфирде ата-аналардың, ұстаздар мен мектеп директорларының сұрақтарына жауап береді. «Ұлттық бірыңғай тестілеу деген біздің әрбір түлегіміз үшін маңызды қадам. Қазіргі осы жағдайда тиісті көмек беруіміз керек. Сәйкесінше, Ұлттық тестілеу орталығына тиісті тапсырманы жүктеген болатынбыз. Қазіргі кезде бұл тапсырма іске асырылуда», — деді министр. Осы орайда Ұлттық тестілеу орталығының сайтында балалар ақысыз ҰБТ-ға дайындалады. «Қазір ҰБТ-ның мерзімін өзгертуге ешқандай негіз жоқ. Біздің көршілес елдердің емтихандары мамыр айында болса, олар сынақты маусымның басына ауыстырды. Бірақ біздікі мамыр айының аяғында емес, маусымның айының аяғында, яғни шілдеге қарай. Ол уақытқа дейін бұл жағдай тынышталып, дәстүрлі режімге келетін болсақ, ҰБТ-ны бұрынғыдай өткіземіз деп үміттенеміз», — деді Асхат Аймағамбетов. Сонымен қатар, министр тоғызыншы сыныпты бітіріп, колледжге баратындарға қатысты мерзімдер өзгеріске ұшырамағанын айтты. «Төртінші тоқсатынды аяқтап, ары қарай оқуын жалғастыруға мүмкіндіктері болады», — деді ведомство басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде