jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов: Оқулықтардан бірнеше қате таптым

08 тамыз 2019, 17:48

Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов оқулық сапасын арттыру бойынша кеңес өткізді.

«Жыл сайын оқулықтардың сапасына сын айтылып келеді. Ол сынның көбі орынды екенін мойындауымыз керек. Оны әріптің қате басылуы десек те, техникалық қателік десек те, қоғам ондай ақталуды қабылдамайды. Оқулық дайындау біздің міндет болғандықтан, оның сапасын да біз қамтамасыз етуіміз керек», — деді Асхат Аймағамбетов. Ведомство басшысы оқулықтардың мазмұнымен арнайы танысып шыққанын да айтты. «Оқулық басу жұмысы соңына жетіп қалды. Оны өңірлерге жөнелту жұмысы да басталып кетті. Қазір барлық оқулықтың 40 пайызы өңірлерге жеткізілді. Өткен жылмен салыстырсақ, бұл жақсы көрсеткіш. Дегенмен, бұл жұмысты тезірек аяқтау міндеті тұр. Мен оқулықтарды қарап, бірнеше қате таптым. Ең бастысы, мұндай қателіктерге көз жұмып қарауға болмайды. Жалпы білім және ғылым министрлігі үлкен жұмыс атқарды. Бірқатар мәселелер шешімін де тауып жатыр. Дегенмен, бүгін оқулық бойынша біз проблема бар екенін ашық айтып отырмыз», — деді ол кеңесте.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда