jasqazaq.kz

Асхат Аймағамбетов әкімдерден тұрғын үй алаптарында ең бірінші мектеп салуды сұрады

01 ақпан 2022, 13:42

Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмей, салдарынан орын тапшылығы туындап жатыр. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет отырысында осы проблеманы көтерді.

«Тұрғын үй алаптарын жоспарлау кезінде көбінесе білім беру объектілерінің құрылысы ескерілмейді. Осыдан оқушы орындарының жетіспеушілік проблемалары туындайды. Осыған орай, тұрғын үй құрылысы жұмыстарын бастар алдында әкімдіктерге біріншіден мектеппен қамтамасыз етуді сұраймын», — деді министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 2500 оқушыға арналған мектептің типтік жобасы әзірленген. Енді 1500, 2000, 3000 оқушыға арналған мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеу қажет.

«Салынатын мектептерде мамандандырылған кабинеттер, заманауи жабдықталған әмбебап шеберханалар, кемінде екі спорт залы, кітапхана, медиатека және оқу залдары болуы тиіс. Бұл үшін біз қазір мектептерді жабдықтауға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз», — деді ведомство басшысы.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық