jasqazaq.kz

Аша Матайдың жаңа бағдарламасы жұртқа жақпай қалды

01 тамыз 2018, 10:40

Отандық телеарналардың бірінде эфирге шыққан жаңа бағдарламалардың бірін Аша Матай тізгіндеді. Алайда желі қолданушылары бағдарламаны жақтырмай, әншіні сынға алды.
Stan.kz.  хабарлағандай, телеарналардың бірінде эфирге шыққан «Деген екен» бағдарламасы жұртқа жақпай қалды. Жаңа бағдарлама барысында Instagram желісіндегі қызықты дүниелер талқыланады.  «Өзіне тән жеңіл әрі еркін мәнерде Аша апта сайын шоу-бизнес әлемі мен Қазақстандағы танымал тұлғалардың өміріндегі жаңалықтар туралы баяндайды. Бағдарламаның басты ерекшелігі – жаңалықтардың авторлары – шоу-бизнес жұлдыздары мен медиа-тұлғалардың өздері. Қазақстандықтардың Instagram танымал әлеуметтік желісінде бөлісетінінің барлығы бұдан былай Аша Матайдың назарында болады. «Деген екен» жобасында жүргізуші көрерменге жұлдыздар өміріндегі қызықты жайттар туралы айтып қана қоймай, желіде болып жатқан дүниелерге қатысты өз көзқарасымен бөліседі», – делінген бағдарлама туралы.  Өз кезегінде желі қолданушылары Аша Матайдың «бір дұрыс бағдарлама жүргізбейтінін» айтып, сынға алды.

«Осындай не мəні жоқ, не дəмі жоқ, бір-бірінен қайталай беретін бағдарламалардың не керегі бар?», «Instagram-нан бәрін көріп алғанбыз. Қызық емес», «Ашаның жүргізген бағдарламалары ұнамайды», «Өсек айтатын бағдарлама толып жатыр ғой. Мұның не керегі бар», «Мұның бәрін желіден көріп алдық қой. Не үшін қайталап көреміз?» – деп сынады пікір қалдырушылар.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді