jasqazaq.kz

Аш әйел болудан тоқ тоқал болған артық — алматылық жас қыз

06 қазан 2017, 11:45

Өзін ірі кәсіпкердің тоқалы деп таныстырған Дана есімді бойжеткен аш әйел болудан тоқ тоқал болған артық екенін түсінгенін айтады.

Қазақстандық интернет қолданушыларының арасында өте танымал Yvision.kz блог-платформасында Дана (Dana1992) есімді қолданушының блогы қызу талқыға түсті.
Астанадан Алматыға жұмыс бабымен келген кәсіпкермен танысқан бойжеткен, бірнеше кездесуден кейін оның отбасылы екенін біледі. Алайда қарым-қатынасын үзбейді, «көңілдесім бол» деген ер адамның ұсынысын қабылдап, ерке тоқал қалағанын жасататын жағдайға жетеді.
«Әйелге тән қалауымның барлығын оңай-ақ аламын. Сөмке, туфли немесе одан да қымбатырақ затты ала аламын. Осы уақыттан бері көлік алдық, шетелде демалдық. Оның көмегімен бір бөлмелі пәтерімді жаңадан салынған үйдегі пәтерге ауыстырдық. Әрине, жөндеуін де өзі көтерді. Оның тонналап сыйлап жатқан әшекей-бұйымдары жайлы айтудың өзі артық» деген көңілі тоқ тоқал өзі қатарлы жас жігіттерге тек жас кезінде қызыққанын, қазір отбасылы болса да, қалталы азаматтардың ұнайтынын айтады.
«Ересек еркектерде ақша да бар, ақыл да бар, әйелдермен өзін қалай ұстау керектігінен тәжірибе де жеткілікті», — деп жазады Дана.
«Түсінесіздер ме, оның Астанада миын жейтін әйелі, ығырын шығаратын бала-шағасы бар. Ал маған Алматыға келгенде ләззатқа батып демалады. Біз оның отбасы, жұмысы туралы талқылаймыз. Арнайы жерлерге қолтықтасып бірге барамыз. Сондықтан оған екі әйелмен де ыңғайлы деп ойлаймын» деп жазады тоқал дана.
Және көңілдесі Астанада өз отбасының жанында болған кезінде басқа жігіттермен көңіл көтеретінін жасырмаған бойжеткен бұл ісіне ұялмайтынын да ашық айтты.
Дана өз отбасының бұл істен хабары жоғын, тек қалталы сүйіктісі барын ғана білетінін айта келе, «мен сияқтылар тозақ отынан да құтылудың амалын табады» деп мақтанып та алған.
Желі қолданушыларының бір тарапы бойжеткенді ақылға шақырса, енді бір тарапы қолдайтындарын білдірген. Тіпті арасында бұл әңгіменің өтірікке құрылғанын айтатындар да бар.

caravan.kz

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде