jasqazaq.kz

Әсет Исекешев: Жолақысы қымбаттайды деген ақпарат жалған

31 мамыр 2018, 14:13

Бүгін Астана қаласының әкімі Əсет Исекешев тілшілер алдында есеп беріп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыс нәтижелерін мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген қала әкімі соңғы кездері жиі көтеріліп жүрген Астанадағы жол ақысы мәселесін де тілге тиек етті. Айтуынша елордада әзірге жолақысы қымбаттамайтын көрінеді.

«Бірден айтайын қалада жолақысы қымбаттайды деген ақпарат жалған. Осы ретте тілшілерге айтатын назым бар еді: мәтіннің ішінен тек өздеріңізге ғана қажет ақпаратты суырып алып шықпасаңыздар екен. Өздеріңіз білесіздер қазір жанар-жағармай бағасы күн санап қымбаттап барады, девальвация мен инфляция тағы бар. Бірақ тариф бұған дейін ешқашан қымбаттамаған еді. Сондықтан біз қазір осы салада қаржы үнемдеу жағын қарастырып жатырмыз.

Бұл тұрғыда біз автопарктермен де,тіпті, банк өкілдерімен де тілдесіп көрген едік. Əрине автопарк өкілдері жолақысын 300 тіпті 500 теңгеге дейін қымбаттатуын сұраған еді. Бірақ біз ең аз деген көлемді яғни 200 теңге көлеміндегі бағаны алдық. Бұл есептік тариф жанар-жағармай бағасын да, жүргізуші мен кондуктор жалақысын да, автопарктерді жөндеу құнын да өтеп беруі тиіс. Тағы да қайталап айтамын, осы саланы барынша ашық ету мақсатында жолақыны купюра ақшасыз яғни картамен төлеуді қарастырып жатырмыз», — деді қала әкімі.

Шаһар басшысы бұл ретте картамен жолақысын төлеп жүрген алматылықтарды мысалға келтірді.

«Картамен төлеу тәжірибесі әлемнің өзге де қалаларында тіпті өзіміздің Алматыда да бар. Əрине жолақы тарифін бекітпестен бұрын оны қоғамдық және сарапшылар кеңесі мен мәслихатта сосын барып әкімдікте қарайтын боламыз. Нақты шешім тек осыдан кейін ғана шығарылады. Бірақ тұрғындарға айтарым: биыл жолақысы қымбаттамайды. Яғни карта бойынша 90 теңге қалады, ал ақшамен жолақысын төлегісі келетін жандар 180 теңге көлемінде қаржы төлейтін болады. Сондықтан тұрғындарға картамен жол жүру тиімді болып тұр», — деді әкім.

NUR.KZ

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді