
Әсел Жанасова Премьер-Министрдің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды. Ал Нұрлан Сауранбаев Көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Сурет: Akorda