jasqazaq.kz

Әсел Сәдуақасова алғашқы махаббаты туралы айтты

23 маусым 2021, 14:59

Актриса Әсел Сәдуақасова өзіне ұнайтын жігіттер мен алғашқы махаббаты жайлы айтты. Айтуынша, ол ер азаматтың сыртқы түріне мән бермейді. Тек ішкі жан дүниесіне көңіл бөледі. Азаматтың мейірімді болғанын дұрыс деп бағалайды.

«Сыртқы түр мен үшін ешқашан маңызды болған емес, мен кез келген адамның бойынан жан дүниесін көремін. Мен ер адамға тәнті болғым келеді. Ер адам шынымен мейірімді болса, онда ол адамды тәнті етеді. Бұл нағыз күш», – деп түсіндірді актриса.

Ол, сонымен бірге 7-сынып оқушысы болған кезде бірінші рет ғашық болғанын мойындады.

“Мен оны басқа мектепке кеткенге дейін жақсы көрдім”, – деп күлді Әсел.

Актриса өзінің кемшіліктері туралы да шынайы айтты.

«Мен шыдамсызмын. Сонымен қатар жалқаулығым бар. Мен ең жалқау адамдардың бірімін. Бірақ қазір мен өзімді тәрбиелеп жатырмын”, – деді ол парақшасында.

Актриса желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

“Сіз ең әдемі актрисасыз”, “Сіздің киноларыңыз ұнайды”, “Алғашқы махаббатыңыз кездеспеді ме?”, “Ер азаматтың мейірімді болғаны жақсы”, “Басқа ешқандай талаптарыңыз жоқ па?”, “Сыртқы түрі де роль атқарады емес пе?“, “Адам сұлу болғанымен, жаны сұлу болмаса, ешкімге ұнамайды”, – деп жазды олар.

stan.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия