jasqazaq.kz

Асанәлі Әшімов: «Мешітке барып, намаз оқу міндетті емес»

27 ақпан 2018, 20:56

Елімізге белгілі халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Асанәлі Әшімов өзінің дінге сенбейтінін жеткізді. Сондай-ақ, ардагер «Talklike» бағдарламасына актер өтірік пен адамның шынайы бейнесі жайлы сұрақтарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Өлімнен қорықпаймын» деген халық әртісі талай өлімді көргенін айтып берді.

«Өмірден талай жақсылар кетті. Шәкендер кеткеннен кейін, бұл бәріміздің басымыздан өтетіні анық. Қорқа бергеннен не істейсің? Одан пайда жоқ! Өзі сол жасқа да келіп қалдық. Өмірге өкпем жоқ», — деді Әшімов.

«Мен 60 жылдан аса арақ ішемін. Бірақ ақылымды ішпеймін. Құмартып іздемеймін. Мен құдайға абстрактно қараймын. Бір құдайдың бар екенін білемін. 70 жыл атеист болып келіп, бірден беріліп кету қиын».

«Менің түсінігімде жаратушы тазалық, әдептілік, ешкімге қиянат жасамау сынды қасиеттерді пендесінен сұрайтын болу керек. Мен дінге ғылым ретінде қараймын. Мешітке өтірік тоңқаңдап баратын адамдарға сенбеймін. Мешітке барып намаз оқу міндетті емес. Жұмақ пен тозақты жатқанда көреміз ғой. Меніңше жұмақ тірі жүргенің, тозақ – өлгенің. Әйтеуір, бір жаратушы бар», — деді Асанәлі Әшімов.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды