
Осыдан біраз уақыт бұрын Асан Пердешовті ел 15 жастағы қызды жар етіп алды деп сынап тастаған болатын. Шаңырағына жас аруды келін етіп түсіру себебін түсіндірген әнші өзінің сүйіктісін көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.
Өзімен бірге өнер көрсеткен бойжеткенге көзі түскен сері жігіт бұрын бір рет үйленіп, Назерке есімді келіншегімен ажырасқан болатын.
Видеодан үкі таққан Әнелдің шәй құйып отырғанын көруге болады.
Арада бірнеше жыл өтіп, қайтадан шаңырақ көтерген Асан Пердешовтің келіншегін көргендер тым жас екенін айтқанымен, тек бақыт тілейтіндерін жасырмады.