jasqazaq.kz

Асаба беташар дәстүрін мазақ қылып, елдің ашуына тиді (видео)

24 тамыз 2020, 15:48

Әлеуметтік желіде асабының жаңа түскен келінге беташар кезінде еуропалық футбол клубтарына сәлем салдырғаны елдің ашу-ызасын туғызды.

Аталған видеоны Қуаныш Рахметоллаұлы жеке парақшасына жүктеді. Видеода асабаның ортаға шығып; «Бірі білсе, бірі білмейді. Футбол әлемінде Елдар осы «Барселона» клубына жанкүйер екен. Сол үшін «Барселонаның» құрметіне екі сәлем, «Баварияның» құрметіне сегіз сәлем», — дегенін көруге болады.

Оның бұл сөзіне сол жерде тұрған жастар мәз болып күлген.   Алайда желдегі оқырмандары асабаның бұл ісін ұлттық салт-дәстүрді аяққа таптау, құрметсіздік деп ашуға булықты.
«Қазақтың әдемі дәстүрін мазақ қылып тұр, Ішінен есі дұрыс бір адам табылмағанан ба сонда, Қазақтың қастерлі дәстүрін, жаңа түскен келінді, ата ананы мазаққа айналдырып тұрған жетесізге жел беріп күліп тұрған өресі төмен ортаға не деуге болады? Күлкі емес, қасірет қой мынау!
Өңшең өресіздер», деген жазба қалдырған.

https://www.facebook.com/100002734615744/videos/2889756744458784/?extid=0txRL30kGyfcLyVx

 Caravan.kz 

 

 

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық