
Бүгін Алматыдағы Алмалы аудандық соты Санжар Бокаевты алаяқтық, ұрлықты ұйымдастыру, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату баптары бойынша кінәлі деп таныды.
Сот мәліметінше, ол «Еуропа – Қытай» автокеруенін ұйымдастыруға бөлінген 42,2 миллион теңгені (92,5 мың доллар) жымқырған. Сондай-ақ Баум тоғайындағы 12 гранит тақтаны ұрлауды және 16 ағашты заңсыз кесуді ұйымдастырған.
Бұдан бөлек, сот Санжар Бокаевқа 10 жыл бойы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер, журналистика, блог жүргізу және қоғамдық қызмет салаларында жұмыс істеуге тыйым салды.
С.Бокаевтың жиені Мәдиар Қалменов 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса, бейнеоператор Ұлан Нүсіпқожаға 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
JQ-Aqparat
Сурет: jasqazaq.kz