jasqazaq.kz

Аса ірі көлемде пара алған Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы 11 жылға сотталды

28 қыркүйек 2022, 15:52


БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Орал қаласы құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Өксікбаевқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш соттың баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А.Өксікбаев ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сондай-ақ оның сыбайласы, «Сырласу» ЖШС жүргізушісі Александр Нағметов ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі – 366-бабы 4-бөлігіне сәйкес 8 жылға сотталды.

Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады.

Сот талқысында мәлім болғанындай, А.Өксікбаев Орал қаласы құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқара жүріп, делдал А.Нағметов арқылы 2020 жылдың қазанынан 2021 жылдың 11 қазанына дейін ЖШС директоры Ш-дан алдын ала келісілген 170 млн теңгенің 134 млн теңгесін алған. Бұл пара қосалқы мердігер «Б» ЖШС-ның жұмыс көлемін алып, жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын екі тоғыз қабатты үй құрылысы бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне А.Өксікбаевтың кедергісіз қол қойғаны үшін берілген.

Сотталушылар өздеріне қатысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізе алмаған.

А.Өксікбаев кінәсін мойындаған жоқ.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, әңгімелерінің стенограммаларымен, тінту хаттамаларымен, оқиға орнын қараумен, сот сараптамалары қорытындыларымен толықтай дәлелденді.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр