jasqazaq.kz

Қаржы ұрлап қашып еді

22 желтоқсан 2016, 19:37

Үлкен сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталған кәсіпкер Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға экстрадицияланды, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Бүгін Бас прокуратура мен ҚР ІІМ Интерполының қызметкерлері Қазақстанның Сауд Арабия Корольдігі мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшіліктерінің көмегімен қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бұл қазақстандық тараптың Сауд Арабиядағы әріптестермен уағдаластыққа қол жеткізуінің нәтижесі. Біріккен Араб Әмірлігінің құзырлы органдары екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Омар Мұхитты ұстап беру туралы сұрау салуын алғаш рет қанағаттандырды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, үлкен сомадағы қаражатты жымқырды деп айыпталған кәсіпкер ЖОО-лардың бірінің басқарма төрағасы болған кезде 200 миллион теңгеге жуық сомада бюджет қаражатын ұрлап, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ тұлғасында мемлекетке және жеке кәсіпкерге 150 миллион теңге, сондай-ақ «НұрБанк» АҚ-қа 240 000 000 теңге сомасында материалдық залал келтірді деген айып тағылып отыр. Залалдың жалпы сомасы —  600 миллион теңгеге жуық. Қазіргі уақытта ер адам Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 26 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары аясында Сауд Арабия Корольдігімен сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы мемлекетаралық шарттар жасалған болатын. Қазақстандық тарап атынан құжаттарға Бас прокурор Жақып Асанов қол қойған еді.

 

tengrinews.kz

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды