jasqazaq.kz

Қаржы нарығында жағдай тұрақты

07 қыркүйек 2017, 12:05

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақмола филиалы директорының орынбасары Гүлнәр Омарова қаржы нарығындағы қазіргі жағдай және еліміздің бүгінгі қаржы-экономикалық саясаты жөнінде баяндап берді.

Брифингте банк өкілі алдымен, облыстағы қаржы нарығының жағдайына тоқталды. Оның айтуынша, 2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде Көкшетау қаласында және облыста екінші деңгейлі банктердің 17 филиалы және «Қазпошта» акционерлік қоғамының Астана филиалы «Астана поштамты» Көкшетау қалалық пошта байланысы торабы жұмыс істейді.
– 2017 жылдың шілдесінде АҚШ долларына теңгенің орташа биржалық айырбас-тау бағамы 325,31 теңге, еуроға – 374,08 теңге, ресей рубліне – 5,46 теңгені құрады. Қазіргі кезде қаржы нарығындағы жағдай қалыпты, – деді Гүлнәр Омарова өз сөзінде.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 1-ші тамызындағы жағдай бойынша экономика саласына салынған несиелік салымдардың жалпы көлемі 186,1 миллиард теңгені құрағанын атап өтті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8 пайызға артып отыр. Несиелер құрылымында қысқа мерзімді несиелердің көлемі 33,8 миллиард теңге, ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 152,3 миллиард теңгені құрады. Дегенмен, осы күні берілген несиелердің толық қайтарылмай жатқан да жайы бар.
– Қазіргі кезде банктердің тұтынушылық несиелері бойынша облыс халқының берешегі 53 миллиард теңгеге жетті. Ипотекалық несиелері бойынша облыс халқының берешегі 23 миллиард теңгені құрады, – деп атап өтті Гүлнәр Омарова.
Сонымен қатар, брифингте депозиттер және төлем карточкалар нарығындағы ахуал сөз болды. Мәселен, былтырғы жылмен салыстырғанда биыл банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 24,1 пайызға артып, 130,8 миллиард теңгені құраған.
Брифингте журналистер тарапынан банк жұмысы мен қаржы нарығына қатысты сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде