jasqazaq.kz

Арыз жазудан бас тартты: Ақтөбеде ер адам әйелін ұрып, үстіне қайнаған су құйған

24 наурыз 2022, 17:55

Ақтөбеде ер адам әйелінің үстіне қайнаған су құйған, содан кейін жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермеген, деп хабарлайды Stan.kz.

Жергілікті Range басылымының жазуынша, ауруханаға келген полицияға жәбірленуші әйел арыз жазудан бас тартатынын айтқан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, әйел жүкті кезінде күйеуі басын сындырған, бірақ ол кезде де ол полицияға жүгінбеген.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста.

«Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Жәбірленушіден өз абайсыздығынан күйік алғандықтан ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ әлеуметтік желіде ақпарат жарияланғаннан кейін қосымша тергеуге дейін тексеру жүргізілді. Оның барысында жәбірленуші полицияға да, ауруханаға да арызданбаған отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды. Қазір жәбірленушінің күйеуіне шара қолдану туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде